Мәскеуде агроөндірістік көрме өтті. Мұнда Ресейдің мал басын асылдандырудағы жеткен жетістіктерін көруге болады. Бұл істе жергілікті фермерлер қазақы төл тұқымдарына басымдық береді екен.

 

Анатолий СОЛОНКА, ЗООТЕХНИК:

Ерекше тұқым. Қазақы ақбас сиыры бұл жергілікті тұқым мен калмақ әрі герефордтың қосындысы. Бұл түлік жем талғамайды, күн райына да шыдамды келеді. Көріп отырғандарыңыздай, тамаша жетістікке жетіп отырмыз. Сондықтан да Қазақстанға барып, серіктестігімізді нығайтқымыз келеді.

 

Көрмеде тұрған қойлардың ең ірісі - солтүстік-кавказдық қойлар. Олардың салмағы 150 келіге дейін жетеді. Ал қазақтың еділбай қойлары салмақпен ғана емес, етінің құнарлылығымен ерекшеленуде. Татарстандағы асыл тұқымды мал шығару зауыты 10 жыл бойы дәл осы Еділбай қойларын көбейтумен айналысып келеді.

 

Светлана СТРОЙНОВА, ЗООТЕХНИК:

Бізде бар 1876 бастың 1600-і -ұрғашы қойлар. Еділбай қойларын біз ешқандай да басқа түрлермен будандастырмаймыз. Бұл қойлардың басты артықшылығы қозыларының жылдам жетілетіндігі.

 

Ал Хан есімді мына түйе көрменің көзайымына айналды. Салмағы 1180 келі тартатын Ойсылқара тұқымы өз есіміне сәйкес асқақ әрі адуынды. 

 

Марат ГАЙНУЛЛИН, ЗООТЕХНИК:

Ұлық малды біз табыннан таңдап алдық. Себебі, көрмеге икемді және салмақты. Бірақ, бізде мұнан да ірі түйелер бар. Мен өлшеп көргендердің ішінде 1 тонна 300 келі тартатындар да табылады. Дәл осы чемпионға көңілі кеткен Қазақстандық азамат түйені бізден сатып алып, ауылына алып кетпек.

 

 

 

Сурет: www.tvc.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер