Қазақстан мен Еуропалық Одақ қай салада болмасын байланысты бекемдеуге мүдделі. Бұл туралы  Брюсселде өткен "Қазақстан мен Еуропалық Одақ" ынтымақтастығы кеңесінің 15-ші  отырысы мен  "Еуропалық Одақ және Орталық Азия" министрлер конференциясында айтылды. Тараптар сауда-саттық, инвестиция, энергетика салаларымен қатар, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін де талқылады. Саяси ынтымақтастық мәселелері жөнінде де пікір алмасылды. Бұл ретте  Қазақстан азаматтарына   Еуропалық Одақ елдеріне қатынауға визаны жеңілдету барысы тілге тиек етілді.

 

Ерлан Ыдырысов, ҚР сыртқы істер министрі

Бұл кездесу қос тарап үшінде өте маңызды. Серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту барысында бекіген құжат негізінде  біз бірінші рет бас қосып отырмыз. Аталмыш құжат Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының  29 саласын қамтиды.

 

Мирослав Лайчак, Словакияның сыртқы істер министрі

Министрлер конференциясында  біз Еуропалық Одақ пен Орталық Азияға тиесілі жаңа стратегияны жүзеге асыру барысын пысықтадық. Оның ішінде аймақаралық  халықаралық қауіпсіздік мәселесі әңгімеге арқау болды. Бұл ретте көрші елдерімен бейбіт өмір кешіп жатқан Қазақстанның біз үшін орны бөлек.

 

Сурет: www.kazpravda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер