Қырғызстан билігі Конституцияға бірқатар түзетулер ұсынып отыр. Оның бірі Премьер-министрдің құзыретін кеңейтуді қарастырады. Өйткені, қазір үкімет басшысында тіптен жұмысы ақсаған министрді жұмыстан шығаруға құзірет жоқ. Осы және өзге де түзетулер желтоқсанға дейін референдум арқылы қабылданбақ.

 

АЙНҰРУ АЛТЫБАЕВА ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Премьер министрдің рөлін күшейту керек. Бұл қадам арқылы оған билікті реттеуге мүмкіндік береміз. Құзіретін кеңейту, оның өз міндеттерін дұрыс орындауға мүмкіндік береріне сенемін.

 

Сот жүйесіне келсек, судьяларға бақылауды күшейту ұсынылып отыр. Мәселен, бұл қызметке үміткер жұмыс барысында телефон, пошта, телеграф және құпия келіссөздерден бас тартуы тиіс. Бірақ, көптеген депутаттардың бұл түзетулермен келіскісі жоқ.

 

НАТАЛЬЯ НИКИТЕНКО ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Бұл өзгерістерді асығыстықпен қабылдауға болмайды. Бәріміз бір ауыздан мәмілеге келуіміз керек. Аз уақытта референдум жасау меніңше дұрыс емес.

 

Референдумды өткізуге 317 млн сом қажет. Бұл - шамамен 1,5 млрд теңге. Бірақ, қаржы министрлігі жалпыхалықтық дауыс беру мен жергілікті депуттардың сайлауын біріктірсе, бұл шығынды екі есе қысқартуға болады дейді.

 

Сурет: customsforum.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер