Кубада "Мэтью" дауылына байланысты 1 жарым миллионға жуық адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Олардың арасында 1 мың 200 шетелдік турист бар. Желдің жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жетуде. Әзірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Бірақ дауыл алғаш жеткен  Гуантанамо мен бүкіл Куба бойынша азаматтық қорғаныс шаралары күшейтілді. Ресми мәлімет бойынша, "Мэттью" дауылынан Доминикан Республикасында - 4, Гаитиде - 2, Колумбияда 1 адам ажал құшты. Бұған дейін бір ғана Гаитиде 8 тұрғын қаза тапты деген бейресми ақпарат тараған еді. 

 

ГАБРИЭЛЬ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН

Дүлей дауылдың дауысынан ұйқымнан шошып ояндым. Төсегімнен тұрып, сыртқа шыққанмын. Биік толқындар үйімнің алдына дейін жетіп, таспен ұрғылады.

 

"Мэттью" дауылы жақын арада АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатына жетуі мүмкін. Осындай дабылға байланысты билік мұхит жалауындағы елдімекен тұрғындарын  қауіпсіз жерге шұғыл көшіруге кірісті. Эвакуация шаралары жағадан 150 шақырым аумақтағы адамдарға қатысты жүргізілуде.

 

Сурет: fromua.news

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер