Соңғы тәулікте Жерорта теңізінің Ливия жағалауынан 6 мыңнан астам босқын құтқарылды. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлады. Италия жағалау қызметінің мәліметінше боқындар әр қайыққа 725 адамнан бөлініп 40 қайыққа мінген. Олар Еуропаға жетуді көздеген. Дені Нигерия, Бангладеш және Эритерия елінің азаматтары. Ауыр жолға шыдамаған 9 мигрант қайықта қаза тапқан. Оларды құтқару операциясына ливия жағалау қызметінің қайықтары мен Италия әскери теңіз күштерінің кемелері жұмылған.  

 

Сурет: www.grekomania.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер