Түркия билігі елдегі төңкерістен кейін енгізілген төтенше жағдайды тағы 90 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады, деп жазады «Хабар 24» ТАСС-қа сілтемемен.

 

Түркия премьер-министрі Нуман Куртулмуш мәлімдеуінше: Түркияда төтенше жағдай 15 шілде күні болған әскери төңкерістен кейін 21 шілдеде үш ай мерзімге енгізілген болатын. Түркия билігі төңкерісті АҚШ-та тұрып жатқан Фетхуллах Гюлен ұйымдастырды деп айыптап отыр.

 

Еске сала кетейік, Түркияда 16 шілдеге қараған түні Қарулы күштердің сарбаздары мен офицерлері бүлік шығарды. Негізгі қақтығыстар Анкара мен Ыстамбұлда болып, 246 адам қаза болды. Тағы екі мыңнан астам адам жарақат алды.

 

 

Фото: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер