Иракта лаңкестердің дала командирлері МосУлдан қашуға  бекініп отыр. Соңғы екі күн ішінде олар шаһардың шығысынан батыс бөлігіне қарай ығысқан. Осылайша, әскери операция басталмай тұрып, көршілес Сирияға сытылып кеткісі бар. Айта кеткен жөн, "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" МосУлды 2014-ші жылы басып алған. Бұл қала содырлардың астанасы саналады. Ел әскері мен күрд жасағы алдағы кезде шаһарды экстремистерден азат ету операциясын бастамақ. Оларға АҚШ пен Францияның қарулы күштері көмектеседі. Ал,  Біріккен Араб Әмірліктері қаланы қалпына келтіру үшін 50 миллион доллар бөлетінін жеткізді. Негізі, соңғы 5 жылда бұл мемлекет Иракқа 180 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек көрсеткен.

 

 

фото: Maya Alleruzzo / AP

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер