Түрік армиясы Ирак пен Сирияда тағы 1 жыл әскери операция жүргізе алады. Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі күзгі сессиясының алғашқы отырысында халық қалаулылары үкіметке 2014 жылы көршілес екі мемлекеттің аумағына әскер кіргізуге рұқсат ететін мандатты 2017 жылдың қазан айына дейін ұзартты. Қазіргі таңда түрік қарулы күштері Сирияның солтүстігінде «Евфрат қалқаны» операциясын жүргізуде.

 

РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Сирия мен Ирактағы бүгінгі жағдай, елімізде болып жатқан террорлық оқиғаларға әсері жоқ дей алмаймыз. Демек бізге өз жоспарымызды іске асырмай мәселе түйіні шешілмейтіні анық белгілі болды. «Евфрат қалқаны» -  сириядағы террорлық ұйымдарға қарсы жергілікті халықпен бірге жүргізіліп отырған заңды операция. Джераблустан бастап, батыс пен оңтүстік-шығысты қамтыған бұл операцияның мақсаты өңірде 5 мың шаршы шақырым қауіпсіз бір аймақ құру.  

 

Сурет: 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер