Африканың батыс бөлігінде ондаған мың адам аштан өлудің аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымының осы аймақтағы мәселелер жөніндегі өкілі мәлімдеді. Айтуынша, тұрғындары аш құрсақ аудандардың көбі "Боко Харам" лаңкестік тобының бақылауында. Халықаралық ұйым мүшелерінің бағалауынша аштық жайлаған аудандарда адамдардың жаппай қырылу қаупі төніп тұр. Олардың дені - кәмелетке толмағандар. Егер көмек жеткізілмесе, бір ғана Борно штатының өзінде жыл соңына дейін 50 мың адам аштық құрбаны болуы мүмкін. Мұнда емханалардың үштен екісі жабылып қалған. Ауызсу құбырларының  төрттен екісін жаңарту керек. Біріккен ұлттар ұйымының есебінше осы кем-кетіктің бәрін жою үшін шамамен 300 миллион доллардан астам қаржы қажет.

 

 

 

Сурет: newsinphoto.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер