Еуропаның  ең ірі екі  қаржы мекемесі - Дойче Банк  пен «Коммерцбанк» күрделі де қиын кезеңді бастан өткеруде. Жыл басынан бері «Коммерцбанктің» акциялары 35%-ға төмендеген. Жағдайдың бұлай қалыптасуына екі нәрсе себеп болды:  бірі-  клиенттердің белсенділігінің төмендеуі, екіншісі-  реттеуші органның қаржы операцияларын  қатаң бақылауға алуы.  Жағдай ушығып кетпеуі үшін банк басшылығы қайта құрылымдау шарасын өткізуді ұсынды. Бірақ бұдан банк қызметкерлері жапа шегеді. 10 мыңдай адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Дивидендтерінен айрылатын акционерлерге де зардабы тиеді. Ал "Коммерцбанк" 1 млрдтан астам евросын үнемдейді.

 

РИЧАРД ХАНТЕР, "WILSON KING"  ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТТІ  ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Көптеген Еуропалық банктер сынды немістің  банктері де де қазір қысым көруде.  Қарсы шаралар қабылданған жағдайда көптеген банк қызметкерлері жұмысынан айрылады.   Жаппай жұмыстан босату және қайта құрылымдау қажеттілігі сөз болғаннан  кейін банктің акциялары шамалы көтерілді. Бұл нарықтың уақытылы және орынды  әрекет етуінің белгісі. Дегенмен, жалпы ахуал банктердің қаншалықты қиын жағдайға түскенін айғақтайды.  

 

Ал Германияның ең ірі қаржы институты "Дойче банкті" АҚШ 2008 жылы  ипотекалық несиелерге байланысты күмәнді операцияларды өткізді деп  айыптап отыр. АҚШ Әділет министрлігі  бұл операциялар дүниежүзілік дағдарысқа әкеп соққан  себептердің бірі деген пікірде.  Дегенмен, олар "Дойче банк" басшылығы  14 млрд. доллар өтейтін болса, тергеуді тоқтатып, келісімге жетуге болатынын  айтты.

 

МАРТИН ЕГЕР, ГЕРМАНИЯ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:

Қазір «Дойчебанкке" көмек беру жайлы түрлі қауесеттер  тарап жүр, тіпті, бізді жәрдемдесу жоспарын дайындап  жатыр деген сөз де бар. Бірақ,оның бәрі шындыққа жанаспайды. Германия мемлекетінің  Дойче банкті құтқару  жоспары да және ондай ойы да жоқ.

 

Бүгінде «Дойче банк"акциялары 8% төмендеген. Ал қаржы институты қызметкерлерін жаппай жұмыстан босатуды жақын күндері бастайды. Алғашқы лек бойынша 30 мың адам жұмыстан қысқарады.

 

 

 

Сурет: news-front.info

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер