Германияның Бохум қаласындағы ауруханада алапат өрт шығып, 2 адам қаза тапты. Тағы 15 кісі зардап шекті, деп хабарлайды Рейтер. Бірнеше науқас із-түссіз кеткендердің санатында. Алдын-ала болжамға сәйкес, жалын ғимараттың алтыншы қабатындағы бөлмелердің бірінде тұтанып, тез таралып кеткен. Құтқарушылар ауруханадан 120-дан астам адамды эвакуациялады. Оқиға орнында арнайы қызметтің 200-ден астам өкілі жұмыс істеп жатыр. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндірушілермен қатар, құтқарушылар да тартылды. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Істің мән-жайы анықталу үстінде.

 

Сурет: newinform.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер