Қытай астанасында шаңсорғыш ғимарат салынды. Биіктігі жеті метрлік мұнара қаланың ауасын тазартып тұр. Яғни шаң-тозаң мен өзге де зиянды заттарды теріп, сығып, тазартылған ауаны қайта шығарады. Бұл - голландиялық суретші Даан Роосегаарденың ойлап тапқан жаңалығы. Ең қызығы, осы шаң қалдығынан түрлі зергерлік бұйымдар жасауға да болады. Себебі тозаң құрамының 99 пайызы - көміртегі. Қытай өкіметі биыл күзде ірі қалаларға осындай төрт мұнара орнатпақ. Егер құрылғы өз тиімділігін көрсетсе, бүкіл ел аумағында жобаны дамыту көзделіп отыр. Қытайдың ірі қалаларында көк түтін қолқаны қабады.  Бейжің, Шанхай сияқты үлкен шаһарлардағы ауаның ластану деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен нормадан 20 есеге артып кеткен.

 

ВАНГ АИЛИ, БЕЙЖІҢ ТҰРҒЫНЫ

Менің ойымша, мұндай технология біздің қалаға өте қажет. Ауа әбден ластанып кеткен. Әсіресе, жастарға обал. Отбасымдағылардың барлығы жөтеледі де жүреді. Балаларым сыртқа шығып ойнауды қойды. Мына құрылғы орнатылғаннан кейін адамдар ауаның қаншалықты лас екеніне көз жеткізіп, қоршаған ортаға қамқорлықты күшейтеді деп сенем.

 

Сурет: www.dailymail.co.uk

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер