Бразилияның Сан-Паулу штатында 200-ге жуық қылмыскер түрмеден қашып кетті. Бұл туралы жергілікті телеарна хабарлап отыр. Оқиға бейсенбі күні таңертен Жардинополис қаласындағы түзету мекемесінде болған. Әскери полицияның мәлімдеуінше, сотталғандар бүлік шығарып, абақтының бір бөлігін өртеп, кейін ол жерден қашып шыққан көрінеді. Оқиға кезінде жарақат алғандардың бар-жоғы белгісіз.

 

Айта кетейік, Жардинополис қаласындағы түрме мың адамға есептелген. Алайда қазір онда жазасын өтеп жатқандардың саны одан екі есе көп екен.    

 

Сурет: exzk.ru

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер