АҚШ-тың Нью-Джерси штатында жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 1 адам қаза тапты. Тағы 108 кісі жарақат алды. Олардың 70-тен астамы ауруханаға жеткізілді. Оқиға бейсенбі күні таңертен Нью-Йорктен 11 шақырым жердегі Хобокен станциясында болды. Қала маңында қатынайтын құрам станцияға жақындай бергенде жылдамдығын бәсеңдетпестен рельстен шығып кетіп, вокзал ғимаратына барып соғылған. Апаттан платформада тұрған 34 жастағы әйел көз жұмды. Ал, жарақат алғандардың дені- пойыз жолаушылары. Пойызға бас-аяғы 250-ден астам адамның мінгені белгілі. Қазір апат себебі анықталып жатыр. Оқиға болған станциямен теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды.   

 

Сурет: Twitter

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер