Қытайдың Чжэцзян провинциясында альпинист келіншек ғашығының суретін 218 метрлік жартасқа салды, деп хабарлайды ҚазАақпарат.

 

Тайчжоу ауданында орналасқан таудағы ер адамның суретін салу үшін альпинист екі ай бойы демалыс күндерін сарп еткен. Барлығы 10 күннің ішінде таудағы бейне аяқталған.

 

Жергілікті басылымдардың жазуына қарағанда, 37 жастағы спортшы өз командасындағы 40 жастағы ер адамға ғашық болған. Бір қызығы екеуінің де басы бос.

 

Бұл туынды жайлы ғаламторда жария болған соң жергілікті билік құзға өрмелеушіні тауып сөйлескен. Келіншек жартастағы граффитиді өшіріп, тау бетін бұрынғы қалпына келтіруге уәде беріп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер