Бағдатта 18 адамның өмірін қиған жарылыстар үшін жауапкершілікті атышулы Ирак пен Левант лаңкестік тобы өз мойнына алды. Сейсенбі күні шейіттер көптеп шоғырланған Әл-Джадида ауданында жанкешті өз-өзін жарып жіберген болатын. Тағы бір лаңкестік шабуыл Әл-Байя аймағында болды. Қос жарылыстан 18 кісі көз жұмып, 50-ден астам адам жарақат алды.

 

Айта кетейік, аталған ұйымның содырлары көп уақыттан бері Ирактың біраз бөлігін өз уысында ұстап отыр.  Лаңкестердің шабуылдарынан көбіне елдегі бейбіт тұрғындар көз жұмып жатады.  

 

Сурет: egemen.kz

   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер