Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес 94 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұған дейін саясаткер инсульт алып, оның жағдайы күрт нашарлаған еді. 13-ші қыркүйекте Перес Тель-Авив маңындағы ауруханаға жеткізіліп, осы уақытқа дейін онда ес-түссіз жатқан болатын.

Айта кетейік, Шимон Перес Израильдегі маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарды. Атап айтсақ, екі мерзімде премьер-министр, сонымен бірге бірнеше мәрте қорғаныс саласын, қаржы министрлігін, байланыс министрлігін, Ішкі істер министрлігін, Сыртқы істер  ведомствосын және басқа мекемелерді басқарған. 2007- 2014 жылдар аралығында ел президенті болды.

 

Сурет: vesti.az

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер