Ауаның ластануынан жыл сайын әлемде 6,5 миллион адам көз жұмады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Жер шарындағы халықтың 92 пайызы ауа сапасы белгіленген стандартқа сай келмейтін аймақтарда күн кешіп жатыр. Экологиялық жағдайдың ушығуынан түрлі аурулардың белең алу қаупін артады, дейді ұйым өкілдері. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағып, әлем елдерін ластануға қарсы шараларды қолға алуға шақырды.

 

Мария НЕЙРА, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Әлемдегі әрбір 10 адамның 9-ы ауа сапасы өте нашар аймақтарда  тұрады. Ластану жыл сайын 6,5 миллион адамның өліміне себеп. Бұл экологиялық жағдай адам денсаулығына үлкен қауіп төндіріп отыр. Оны саясаткерлермен қатар, қарапайым халық та ұғынып, түсінсе дейміз.  

 

Ауасы қатты ластанған мемлекеттерге Таяу Шығыс пен Азия елдері жатады. Осы орайда Қытай 2020-шы жылға дейін көмір өндірісін 500 миллион тоннаға дейін азайтуды жоспарлап отыр. Ал, Оңтүстік Корея билігі болса, экологиялық таза көліктердің өндірісін қолдап, ауа сапасын жақсартуды көздейді. 

 

 

 

Сурет: varlamov.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер