Колумбияның революцияшыл қарулы күштері мен ел билігі жарты ғасырдан асқан азаматтық соғысты тоқтату туралы бейбіт келісімге қол қойды. Картахенада өткен салтанатты рәсімге БҰҰ-ның Бас хатшысы, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы және Куба мен Венесуэла басшылары қатысқан. Қонақтардың барлығы бейбітшілік нышаны ретінде ақ киіммен келіпті. Айта кеткен жөн, Колумбияның революцияшыл қарулы күштерінің көтерілісшілері 1964 жылдан бері жергілікті билікке қарсы күрес жүргізіп келді. Латын Америкасындағы ең ұзақ қақтығыс салдарынан 220 мың адам көз жұмып, тағы 6 миллион колумбиялық үйлерін тастап, босып кеткен.  

 

Хуан МАНУЭЛЬ САНТОС, КОЛУМБИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл жай ғана келісім емес. Бұл қарулы қақтығыстан шаршаған Колумбия халқының бүкіл әлемге жолдап отырған үндеуі. Енді, міне, Картахенада ел тарихындағы ең маңызды келісімге қол қойылып отыр.

 

Родриго ЛОНДОНЬО ЭЧЕВЕРРИ, КОЛУМБИЯНЫҢ РЕВОЛЮЦИЯШЫЛ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз қарудан бас тартып, бітімде көрсетілген барлық шарттарды қатаң сақтайтын боламыз. Жергілікті биліктен де осыны күтеміз. Колумбияның революцияшыл қарулы күштерінің атынан текетірес құрбандарының жақындарынан кешірім сұраймын.

 

 

 

Сурет: bbc.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер