Алдағы үш жылда Орталық Азия аумағында сейсмологиялық белсенділік байқалады. Мұндай жорамалды Қырғызстанның ғалымдары айтып отыр. Сейсмологиялық кезең 2018 жылға дейін жалғасады, осы аралықта қуаттылығы әртүрлі жер дүмпуі болады, дейді мамандар.

 

Эрнест Мамыров, Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының зертхана жетекшісі:

Бір жылдың ішінде бізде үш кезең болады. Ол - наурыз-сәуір айларына келетін ең ауыр көктемгі кезең. Бұл кезде дүмпулер көбейеді. Содан кейін сәл тыныштық орнайды. Шілде тамыз айларына қарай да дүмпулер күшейе бастайды. Соңғы күзгі  кезең  - қыркүйектің аяғы, қазан, қараша айларына келеді, кейде оған  желтоқсан да кіреді.

 

Аталған жоба аясында Бішкектің айналасына 12 сейсмикалық станция орнатылды. Сонымен қатар, арнайы жабдықтар Талас, Шу, Нарын және Ыстықкөл маңайына да қойылды.

 

Күшбакали Тәжибаев, Қырғызстан Республикасы Геомеханика және жер қойнауын игеру институты зертханасының меңгерушісі:

Қырғызстанның барлық сейсмикалық станцияларын, тіпті әлемдегі бүкіл станцияларды қайтадан жабдықтау қажет. Әрбір станцияда сейсмографтармен қатар, деформометр мен магнитометр әрі сейсмикалық мүмкіндікті өлшейтін құралдарды орнату қажет. Осы құралдардың бәрі бірдей  мәлімет берген кезде ғана болжам дәл  болады.

 

Ғалымдардың болжамы бойынша, алдағы 2 жылдың ішінде  бірқатар жел сілкінісі болады. Ең күшті дүмпулер Қырғызстанның Қытай және Тәжікістанмен шекаралас оңтүстік аумағында тіркелуі ықтимал. 

 

 

 

 

Сурет: tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер