Париж тұрғындары бір күнге өз автокөліктерінен бас тартты. Жексенбі күні қала халқы мэр Анн Идальгоның бастамасын қолдап, темір тұлпарларын велосипедтер мен скейттерге ауыстырды. Діттеген жеріне жаяу серуендеп жетуге шыққандар да аз емес. Экологиялық акцияға орай Париждегі 650 шақырымдық жолда автокөліктермен жүруге тыйым салынды. Ал қоғамдық көлік пен такси жүргізушілеріне алдын-ала белгіленген бағытта ғана қозғалуға рұқсат берілген. Қала тұрғындары болса, «биліктің бұл бастамасы қалаға жаңаша қарауға мүмкіндік береді»- деп отыр.   

 

Томас Пуссе, Париж тұрғыны

Автокөліктердің гүрілін естімеген қандай рахат! Бұған қоса, әрине ауа да біраз тазарып қалды.

 

Экологиялық акцияның қала тұрғындары тарапынан қолдау тапқанына билік өкілдері риза.

 

Кристоф Наждовски, Париж мэрінің көлік мәселелері жөніндегі орынбасары

Әрине, бұл бір күндік шара ғана. Десе де, оның біз үшін маңызы зор.

 

Айта кетейік, биылғы жылдың басында Париж билігі ауаны ластайтын ескі автокөліктердің қалаға кіруіне тыйым салған еді. Бұған қоса, айына бір рет Елисей алаңына тек жаяу жүргіншілердің кіруіне рұқсат беріледі.   

 

Фото: humanstory.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер