Бір аптадан бері халық наразылығы толастамай тұрған АҚШ-тың Шарлотт қаласында енгізілген коменданттық сағаттың күші жойылды. Бұл режим тәртіпсіздіктерге байланысты қыркүйектің 23-інде енгізілген еді. Халық пен автокөліктерге түн жарымнан таңғы 6-ға дейін көшеде жүруге тыйым салынған болатын.

 

Айта кетейік, Солтүстік Каролина штатының Шарлотт қаласында халықтың жаппай бас көтеруіне полиция қызметкерінің қара нәсілді ер адамды атып өлтіруі себеп болды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 43 жастағы Кит Ламонт Скотт қолындағы қаруды жерге қою туралы талапқа бағынбағандықтан, офицерлер оған қарсы оқ атқан көрінеді. Бұл оқиғадан соң шаһар тұрғындары полицияға өз қарсылығын білдіру үшін жаппай көшеге шықты. Бейбіт түрде басталған шерудің соңы қақтығыстар мен тәртіпсіздіктерге ұласты. Ал жергілікті билік коменданттық сағат тәртібін енгізіп, көшеге штаттың ұлттық гвардиясын тартты. 

 

Сурет: lenta.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер