Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Аслов Бріккен Ұлттар ұйымының елдегі су тапшылығы жайлы мәселені көтерді, деп жазады inform.kz.

 

Оның айтуынша, соңғы 35-40 жылда 13 мың мұздықтың мыңнан астамы толығымен еріп кетті. Бұл табиғи апаттардың жиілеуіне, адамдардың зардап шегуіне, ірі қаржылық шығындарға әкеп соқты және экожүйелерге зақым келтірді, деп жазды rosbalt.ru.

 

СІМ басшысы ауыз су көздеріне қолжетімділіктің болмауы және қарапайым гигиеналық және саниарлық талаптардың сақталмауы, су тапшылығы және оның энергиямен қамтамасыз ету мен азық-түліктік тұрақтылыққа жағымсыз салдары секілді мәселелерді еске салды. Климаттың өзгеруі, урбанизация және халық санының өсуі бұл мәселелерді тереңдете түседі, деп есептейді министр.

 

«Су мәселелерін шешу үшін саяси күш-жігер және ынтымақтастық пен үйлестіруді нығайту қажет», - деді С. Аслов.

 

Фото: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер