Қытайда әлемдегі ең үлкен радиотелескоп жұмысын бастады, деп жазады bnews.kz. Диаметрі 500 метрге жететін телескоп таудағы шұңқырда орналасқан.

 

2011 жылы құрылысы басталған жобаға 180 миллион доллардан астам қаражат жұмсалды. Телескоп бетінің ауданы 30 футбол алаңымен шамалас. Өте сезімтал құрылғының көмегімен ғалымдар бұрын сезілмейтін радиосигналдарды тіркеуді көздеп отыр. Сондай-ақ ол жер шарының қалай пайда болғаны туралы көбірек дерек жинауға септігін тигізеді. Жалпы соңғы кезде Қытайдың ғарыш бағдарламасы қарқынды дамып келеді. 2003 жылы Қытай алғаш рет ғарышқа өз адамын ұшырып, Кеңес Одағы мен АҚШ-тан кейін ғарышкерлері бар кемелерді өз күшімен кеңістікке шығарған үшінші елге айналды. Ал 2020 жылға дейін ғарышта өз станциясын салуды көздеп отыр.

 

Фото: Liu Xu/AP

Видео: youtube.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер