Жерорта теңізінің Мысыр жағалауында апатқа ұшыраған кемеде қаза тапқандар саны 126 адамға жетті. Жергілікті құтқарушылар мен балықшылар 160-тан астам босқынды жағаға аман алып шыққан. Дегенмен әлі жүздеген адам,  із-түссіз жоғалғандар санатында. Полиция апатқа ұшыраған кеменің 4 экипаж мүшесін қамауға алды. Мысыр Премьер-министрі  апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп,осыншама адамның ажалына жауаптылардың жазалануы тиіс екенін мәлімдеді. Еске сала кетейік, бортында 600-ге жуық мигрант отырған кеме 21-ші қыркүйекте,  Рашид қаласының маңында апатқа ұшырады. Су көлігінде болғандардың дені - Судан, Сирия, Сомали және Эритрей мен Мысыр азаматтары.

 

Мохамед ӘБУ ӘЛ-РЕЙШ, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:

Көріп тұрған жасыл кемелеріңіз жаңа ғана 12 адамның мәйітін тауып әкелді. Оларды балық аулайтын тормен тапқан. Енді тағы қалғандарын іздеу үшін кетіп барады. Іздеу жұмыстарына балықшылар да жәрдем беріп жатыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер