Мәскеуде пластик өнімдері қоймасындағы тілсіз жауды ауыздықтау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілердің отбасыларына 1 миллион рубльден өтемақы төленеді. Сонымен қатар марқұмдарды жерлеу рәсімінің шығынын қала мэриясы өз мойнына алады. Еске сала кетейік, 22-ші қыркүйекте Ресей астанасында пластик өнімдері сақталатын қоймада өрт болған еді. Салдарынан төтенше жағдайлар министрлігінің 8 қызметкері ажал құшқан. Жалпы, 4 мың шаршы метрді шарпыған қызыл жалынды сөндіруге бас-аяғы 160 маман қатысты. Оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Құқық қорғаушылардың пайымдауынша, қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуы мүмкін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер