Ирактың содырлардан азат етілген Анбар провинциясына соңғы екі тәулікте 60 мыңнан астам отбасы қайтып оралды. Негізі, өткен жылдың аяғында үкімет жасағы осы провинциядағы Эр-Рамади қаласын өз бақылауына қайтарған болатын. Ал, биыл сәуірде өңірдегі Хит қаласы лаңкестерден босатылды. Ел әскері енді Мосулды азат ету операциясына дайындалып жатыр. Ол содырлардың Ирактағы астанасы саналады. Бүгінде шаһарда "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" 10 мыңға тарта экстремисі болуы мүмкін. Негізі, көлемі бойынша елдегі екінші қала саналатын МосУлда жарты миллионнан астам адам тұрады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер