Ирак әскері Шергат қаласының орталық аудандарын содырлардан азат етті. Соңғы мәлімет бойынша, үкімет жасағының бақылауына әкімшілік ғимараты мен жергілікті аурухана өткен. Қазір шаһарда қалған "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" мүшелері 3-4 адамға бөлініп, тұрғын үйлерге бекініп алған. Айта кетейік, ШергАт үшін шайқас 20-шы қыркүйекте басталған болатын. Стратегиялық маңызы зор шаһар МосУлдан 100 шақырым жерде орналасқан. Жоспар бойынша, МосУлды лаңкестерден босату операциясы қазанда басталуы тиіс. Осы ретте Ұлыбритания билігі гуманитарлық көмекке 40 млн стерлинг фунтын бөлетінін жария етті. Қаржы қала халқын азық-түлікпен, уақытша баспанамен және санитарлық-техникалық жабдықпен қамтамасыз етуге жаратылады.

 

Сурет: www.almasdarnews.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер