Мысыр жағалауында кеме апатынан қаза тапқан босқындардың саны артты. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар судан тағы 9 кісінің жансыз денесін тапқан. Осылайша көз жұмғандардың саны 52-ге жетті. Полиция кеме экипажының 4 мүшесін қамауға алды.  

 

Еске салсақ, босқындар мінген кеме сәрсенбі күні Мысырдың Бухейра провинциясының маңында суға кеткен. Қауіпсіздік күштердің мәлімдеуінше, оның бортында 600 шақты мигрант болған. Олардың қатарында Еуропаға заңсыз өтуді көздеген Мысыр, Судан, Эритрея және Сомали елдерінің азаматтары бар. Жағалау күзеті апаттан соң 169 босқынды құтқарды. Қалған мигранттарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын-ала келтірілген болжамға сәйкес, кемеде жолаушылар саны шамадан тыс болған. 

 

Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер