Сауд Арабиясы бастаған коалицияның Йеменнің Ходейда қаласында жүргізген әуе шабуылында 26 бейбіт тұрғын қаза тапты. 60-тан астам кісі жарақат алды, деп хабарлайды Рейтер. Қазіргі кезде онда құтқару операциясы жалғасып жатыр. БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун әскери бірлестіктің бұл әрекетін қатаң сынға алды. Ұйымның әкімшілік басшысы қақтығысқа қатысушы тараптардың халықаралық гуманитарлық құқықта қарастырылған міндеттемелерді құрметтеуі тиіс екенін атап өтті. 

 

Айта кетейік, Йеменде осыдан 2 жыл бұрын басталған қанды жанжал әлі де толастаймай тұр.  Аймақтағы қарулы қақтығыстар шейіттік бүлікшілер, экс-президент Әли Абдалла Салехтің жақтаушылары мен үкіметтік күштер арасында жүріп жатыр. Бұған қоса, былтыр наурызда хоуситтерге қарсы соғыста Сауд Арабиясы бастаған колиция да күш біріктірген болатын.   

 

Сурет: telegraf.com.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер