Бангладеште жолаушылар паромының апатқа ұшырап, ондағы қаза тапқандардың саны 24 адамға жетті. Тағы 8 кісінің тағдыры белгісіз, деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары. Қайғылы оқиға сәрсенбі күні Барисал округінде Сандхья өзенінде болды. Алдын-ала жасалған болжамға сәйкес, апат кемеге жолаушылар мініп жатқанда болған. Ол кезде паром бортында 60 шақты кісінің болғаны белгілі. Бейсенбі күні кеме өзен түбінен алып шығарылды. Жергілікті билік іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын ресми түрде жариялады. Дегенмен  паром жолаушыларының туыстары әлі 8 кісі табылмады дейді. 

 

Сурет: Global Look Press

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер