Үш күннен бері ереуілдер толастамай тұрған Солтүстік Каролина штатының Шарлотт қаласында коменданттық сағат енгізілді. Бұл режим түн жарымнан таңғы 6-ға дейін күшінде болмақ, деп хабарлайды Рейтер. Күні кеше штат губернаторы қалада төтенше жағдай жариялаған болатын. Сондай-ақ, жергілікті құқық қорғаушыларға қолдау көрсету мақсатында ол шаһарға штаттың ұлттық гвардиясы мен жол-патрульдік қызметін тарту туралы шешім қабылдады.

 

Айта кетейік, Солтүстік Каролина штатының Шарлотт қаласында халықтың жаппай бас көтеруіне полиция қызметкерінің қаруланған қара нәсілді ер адамды атып өлтіруі себеп болды. Алғашында бейбіт түрде басталған шерудің соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция ашуға бой алдырған демонстранттарды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды. Қақтығыстың салдарынан 1 кісі көз жұмып, бірнеше адам жарақат алды. 

 

Сурет: Getty Images
 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер