БҰҰ Бас Ассамблеясының 71- сессиясында қозғалған мәселелердің бірі - туберкулезге қарсы күрес шаралары. Бүгінде әлемнің 105 мемлекетінде аты жаман аурудың емін таба алмай жүр. Микробқа қарсы дәрі-дәрмектер мен анитибиотиктер адамның сауығуына еш әсер етпейтін көрінеді. Бұл туралы арнайы отырыста Ұйымның Бас хатшысы Пан Ги Мун мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылары айытты. Сол себепті, ұйымға мүше елдер жұқпалы аурудың таралуымен бірлесіп күресуге келісіп, Антибиотиктерге төзімділік жөніндегі саяси декларацияны қабылдады. Сондай-ақ, бүгін 31 елдің өкілі Бас хатшыға Климат жөніндегі Париж келісіміне қосылу туралы ратификациялық грамоталарды табыстады. Бұл құжатқа бас-аяғы 180 мемлекет қол қойды. Ал тамыз айында Париж келісіміне қол қойған Қазақстан болса, өзінің басқа да бастамаларын ұсынып жатыр.

 

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Біз қалған 8 мемлекетті осы Келісімге қол  қоюға шақырамыз. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын қабылдау арқылы Келісімге қолдау туралы бастаманы құптаймыз. Келісімнің тез арада күшіне енуі үшін БҰҰ-на мүше мемлекеттердің бәрі тиісті шараларды қолға алуы тиіс.

 

Жапония, Германия, Канада, Оңтүстік Корея, Нидерланды елдерінің сыртқы істер министрлері,  ЕуроОдақ пен бірнеше халықаралық ұйым басшылары қазақ министрін қолдады. Бұдан кейін олар екіжақты кездесулерге арналған арнайы бөлмелерде келіссөздер жүргізіп, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ал Испанияның сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальо Испанияның Астана өтетін ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысатынын жеткізді.  Сондай-ақ, Қазақ елінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы аса маңызды екенін де атап өтті.

 

Хосе Мануэль Гарсия-Маргальо, Испанияның сыртқы істер министрі:

Қауіпсіздік Кеңесіне мүшеліу ету Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін одан әрі көтереді. Осылайша сіздер әлемде бейбітшілік орнатуға ықпал ете аласыздар. Бұл өте жауапты іс.

 

Қазақстандық делегацияны  БҰҰ  Бас Ассамблеясының  жаңадан сайланған Төрағасы ПитерТомсон да қабылдап, Қазақстанның бастамаларын қолдайтынын білдірді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер