Бангладеште соңғы тәуліктерде жауған нөсер жауын кезінде жай түсіп, 18 адам қаза тапты. 15 адамның денесін күйік шалған. Бұл туралы елдегі табиғи апаттардың салдарын жою департаментінің директоры мәлімдеді. Жергілікті арналардың хабарлауынша жыл сайын мұнда найзағай салдарынан жүздеген адам ажал құшады. Осыған байланысты билік найзағай кезінде қандай сақтық шараларын сақтау керектігі жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізбек. Әсіресе ауылдық елді мекендерде. Өйткені найзағай егіс алқаптарында немесе су айдынында жүрген адамдарға түскен. Айта кетейік, осы жолы қаза тапқандардың да 8-і балықшы алтауы егін алқаптарында еңбек етіп жүрген шаруалар.

 

 

 

Сурет: gosindex.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер