Индонезияның Батыс Ява провинциясында су тасқыны мен лай көшкінінен 10 адам қаза тапты. Тағы 2 кісі із-түссіз жоғалып, 30-ы түрлі жарақат алды. Бұл туралы аймақтағы табиғи апаттардың салдарын жою бойынша Ұлттық басқарманың өкілдері хабарлап отыр. Апатқа өңірде жауған толассыз нөсер себеп. Салдарынан Гарут аймағының жүздеген тұрғыны баспанасыз қалған екен. Мамандардың айтуынша, елдегі жаңбыр маусымында лай көшкінінің жүруіне орман ағаштарының көптеп кесілуі себеп. Қазіргі кезде онда іздестіру және зардап шеккендерді қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүріп жатыр.  

 

Сурет: tonkosti.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер