БҰҰ-ның бас хатшысы әлем елдерін босқындарды қабылдау бойынша бағдарламаларды кеңейтуге шақырды. Пан Ги Мунның мәлімдеуінше, қазіргі кезде дүниежүзі бойынша бас сауғалап жүрген адамдардың жартысынан астамын тек 8 мемлекет қабылдап жатыр. Осыған байланысты бас хатшы халықаралық қауымдастықты босқындарды паналату бойынша жауапкершілікті бөлісуге шақырды. Бұған қоса, халықаралық ұйымның басшысы гуманитарлық бағдарламаларды қаржыландыруды ұлғайтудың маңыздылығын да атап өтті.   

 

Сурет: 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер