50 жылдан кейінгі Әзірбайжан қандай болмақ? Мұны ЭКСПО 2017 көрмесінің қонақтары өз көзімен көріп бағасын бере алады. Астанаға сапарлап келген Әзірбайжан Республикасының энергетика министрі Натиг Алиев болашақ павильондарын таныстырды. Астана Экспо 2017 ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәртебелі мейманды қабылдап, көрмеге дайындық барысын пысықтады. Айта кетейік, осы күнге дейін 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым Қазақстанда өтетін айтулы шараға қатысатындықтарын растады. Ал, Әзірбайжан қолдау танытқан елдердің алғашқысы болатын. Министрдің айтуынша, Әзірбайжан энергетика саласында алдағы онжылдықта жасалуы мүмкін ең үздік жетістіктерін көрсетпек.   

 

НАТИГ АЛИЕВ, ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ

Мен бүгін дайындық барысын, көрме ауқымын көріп таң қалып тұрмын. Бәрі тиянақты, кәсіби тұрғыдан сауатты ұйымдастырылған. Көрмеге келгенімізде тіпті ғажап көріністі тамашалайтынмызға күмәнданбаймын. Әзірбайжан үкіметі бұл шақыртуды қуана қабылдады. Мемлекетіміз үшін бұл үлкен абырой.

 

Сурет: www.trend.az

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер