Жапонияның оңтүстік-батысында «Малакас» жойқын тайфуны ойран салып жатыр. Дауыл аймаққа толассыз нөсер мен қатты жел ала келген екен. Осының салдарынан кей өңірлерде электр желілері бүлініп, тұрғындар жарықсыз қалды. Апатты жағдайға байланысты ел билігі 600 мыңнан астам тұрғынға қауіпсіз жерге көшу туралы кеңес берген. Кюсю және Сикоку аралдарында 100-ден аса ішкі әуе рейсі кейінге шегерілді. Мектептер де уақытша жабылды. 

 

 

Сурет: avtoinsider.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер