Мигранттар мен босқындар мәселесі БҰҰ Бас Ассамблеясында да қаралды. Нью-Йоркте өткен саммитте ассамблеяға мүше 193 мемлекет осы бағытта арнайы декларация қабылдады. Құжатта алдағы екі жылда көші-қон мәселесін реттеуге бағытталған жаһандық келісім жасасу қарастырылған. Халықаралық қауымдастық осылайша бұрын-соңды болмаған миграциялық дағдарысты еңсерудің жолын таппақ. Былтыр әлем бойынша бас сауғалап жүргендердің қатары 244 миллионға жеткен екен. Саммитте сөз сөйлеген БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ян Элиассон бұл мәселені әлем елдері тек күш біріктіріп қана шеше алатынын айтты.

  

Ян ЭЛИАССОН, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлемдегі бір де бір мемлекет көші-қонға қатысты ұлтаралық мәселені басқалардың көмегінсіз жалғыз өзі шеше алмайды. Сондықтан, біз барлығымыз бірлесе жұмыс істеуіміз қажет.

 

Бұған қоса, Элиассон халықаралық қауымдастықты босқындардың жаңа қоғамға сіңісіп кетуіне жағдай жасауға шақырды. «Біз келешекте босқындар мен оларды қабылдаушы қоғамның бір-бірін құрметтеп, тату-тәтті өмір сүруіне жағдай жасауымыз қажет», деді БҰҰ бас хатшысының орынбасары.

 

 

 

 

Сурет: politrussia.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер