Алеппо қаласының маңында гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктеріне әуеден соққы жасалды. БҰҰ мен Қызыл жарты ай ұйымының сириялық бөлімінің керуені бүлікшілердің қол астындағы елді-мекендерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да керек-жарақты апара жатқан. Әзірге расталмаған мәліметке сәйкес, оқиға кезінде 12 адам көз жұмған. 31 жүк көлігінің жартысынан астамы отқа оранып, зақымдалған. БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары бұл шабуылдың гуманитарлық қызмет өкілдеріне қарсы жасалғаны расталса, оны әскери қылмыс деп тануға болатынын атап өтті.

 

 

 

Сурет: censor.net.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер