Нью-Йорктегі бомбалар осыдан 3 жыл бұрын Бостон марафонында іске қосылған жарылғыш затпен ұқсас болып шықты. Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл құрылғыларда детонатор ретінде ұялы телефондар мен жаңажылдық шамдар қолданылған екен.

 

Айта кетейік, сенбі күні Нью-Йорктің Челси ауданында жарылыс болып, салдарынан 29 адам жарақат алған еді. Кейін осы аймаққа жақын жерден тағы бір осындай жарылғыш құрылғысы табылып, залалсыздандырылды. Қазір бұл оқиғаларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция бірнеше кісіні қамауға алған. Бұған дейін Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо: «Манхэттендегі жарылыс терроризм актісі болуы мүмкін»- деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ол бұл іске қатыстылардың міндетті түрде табылып, жауапқа тартылатынын айтты.

 

2013-ші жылы Бостон марафонында жарылған бомбалар 3 адамның өмірін қиған болатын. 260-тан астам кісі жарақат алды. Ол кезде қолдан жасалған екі құрылғы атылды.     

 

Сурет: www.mk.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер