АҚШ-тың Нью-Джерси штатында теміржол стансасының маңында тағы да жарылыс болды. Бұған дейін дәл осы аймақта күдікті қалта табылған болатын. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, жексенбі күні кешке Элизабет стансасында екі ер адам қоқыс жәшігінде бомбаға ұқсас затты байқап, полицияға хабарлаған. Осыдан соң мұнда пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыс күдікті затты зерттеу жұмыстары кезінде болған. Жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.  

 

Еске салсақ, сенбі күні Нью-Джерси мен Нью-Йоркте екі жойқын жарылыс болған еді. Соңғысында 29 кісі жарақат алды. Бұл оқиғалардан соң іске қосылмай қалған тағы бірнеше жарылғыш зат табылды. 

 

Сурет: АР

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер