Ресейде мемлекеттік думаға депутаттар сайлауында «Единая Россия» партиясы көш бастап тұр. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, бюллетеньдердің 80 пайызы өңделген соң, аталған саяси күштің бір мандатты 225 округтің 203-інде алда келе жатқаны анықталды. «Выборы» жүйесінің мәліметіне сәйкес, Коммунистік партияға дауыс берушілердің 13,61 пайызы қолдау көрсеткен екен. Бұдан бөлек, Думаға өту үшін қажетті 5 пайыздық межеден Либералды-демократтар мен «Справедливая Россия» партиясы да асып отыр.

 

Осы уақытқа дейін өңделген протоколдарға сәйкес, дауыс беру кезіндегі халықтың белсенділігі 48 пайызды құрады.      

 

Сурет: www.allwomens.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер