Көрші Ресей Ұлттық қауіпсіздік саласын күшейтіп, осы мақсатта жаңа министрлік жасақтауға ден қоюда. Бұл туралы Baq.kz "Ъ" басылымына сілтеме жасап хабарлауда.

 

Басылымның таратқан ақпаратына сәйкес, Ресей өзінің күштік және құқық қорғау ведомстоларына кеңауқымды реформа жүргізуге дайындалып жатыр. Оған сәйкес, 2018 жылы өтетін президент сайлауына дейін Федералдық қауіпсіздік қызметі негізінде Ұлттық қауіпсіздік министрлігін (ҰКМ) құру қарастырылған. Болжам бойынша, жаңа ведомство Федералдық күзет қызметі, Сыртқы барлау қызметін біріктіретін болады. Ал Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Бас прокуратураға қайтарылып, Төтенше жағдайлар министрлігінің міндеттері Қорғаныс министрлігі мен ІІМ-ге бөліп берілмек.

 

Одан бөлек, ҰҚМ-ға аса үлкен дау тудырған істерді өз өндірісіне алып, осы арнайы қызметтің материалдары негізге алынған тергеулерді өз бақылауына алу мүмкіндігі ұсынылып отыр. Осылайша, Ресей мұндай ауқымды реформа арқылы күштік және құқық қорғау құрылымдарын тиімді басқарып, жемқорлықты түп-тамырымен жоюға ниетті.

 

"Ъ" мәліметтеріне сенсек, жаңа реформаға Ресей президенті Путиннің Федералдық көші-қон қызметі мен Есірткі айналымын бақылау федералдық қызметтерінің құзыретін ІІМ-ге беріп, ішкі әскер мен ішкі істер органдарының бірқатар жасақтарының негізінде Ресей гвардиясын құру туралы шешімі түрткі болды.

 

Фото:  kommersant.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер