Нигердің қарулы күштері "Боко Харам" лаңкестік тобындағы 38 содырдың көзін жойды. Елдің оңтүстік-шығысында жүргізілген арнайы операция кезінде ірі көлемде қару-жарақтар тәркіленген. Қарулы қақтығыс кезінде үкімет жасағының екі сарбазы жарақат алған. Дегенмен дәрігерлер олардың өміріне төнетін еш қауіп жоқ деп отыр. Айта кетейік, "Боко Харам" лаңкестері негізінен Нигерияда әрекет етеді. Топ мүшелері көршілес Нигер, Чад және Камерунға да шабуыл жасап жүр.

 

 

 

Сурет: beegeagle.wordpress.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер