Оңтүстік Суданнан көрші елдерге босып кеткен халықтың саны бір миллионнан асты. Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді. Босқындардың дені Уганда, Кения, Конго Демократиялық Республикасы мен Орталық Африкаға бас сауғалаған. Халықаралық ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл азаматтарға көмектесу үшін 700 миллион доллар қажет. Алайда бүгінде осы қаржының тек 20 пайызы ғана жиналған. Естеріңізде болса, шілденің басында Оңтүстік Суданда үкімет жасағы мен вице-президент жақтастары арасында қарулы қақтығыстар басталған еді. Салдарынан 300-ге жуық адам құрбан болды.

 

 

 


Сурет: www.theodysseyonline.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер