Францияның бірнеше қаласында мыңдаған адам еңбек реформасына қарсы тағы да бас көтерді. Ел астанасы Париждегі шерудің соңы полициямен қақтығысқа ұласқан. Кәсіподақтар мұндағы шараға 40 мың адамның қатысқанын хабарлап отыр. Жиналған жұрт көктемде ел билігі қабылдаған жаңа заңның күшін жоюды талап еткен. Онда жұмыс уақытын көбейту, үстеме төлем мөлшерін азайту және адамдарды жұмысқа қабылдау және шығаруды жеңілдету қарастырылған. Сондай-ақ, кәсіподақтардың да мүмкіндігі шектелді. Франция президенті Франсуа Олланд осылайша елдегі жұмыссыздықпен күресуді көздеп отыр. Шеруге шыққан жұрт болса, бұл заңға үзілді-кесілді қарсы екендерін жеткізді. Ашуға бой берген демонстранттардың кейбірі тәртіп сақшыларына жанғыш қоспасы бар құтылар лақтырған. Ал, полиция оларды тарату үшін көз жасаурататын газ бен жарық-шулы граната қолданды. Қақтығыс кезінде бірнеше адам жарақат алды. 10-нан астам бүлікші қамауға алынды.

 

Жан Клод Майли, Кәсіподақ басшысы:

Біз алған бетімізден қайтпаймыз! Ереуілдерге шығып қана қоймай, заң жүзінде тиісті орындарға шағым түстірмек ойымыз бар.

 

Сурет: ВВС

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер