Индонезияда шетелдік туристер мінген паромда жарылыс болып, 2 адам қаза тапты. Жарақат алған  13 кісінің арасында Австралия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Франция және Германия елдерінің азаматтары бар. Оқиға елдегі ең танымал курорттық орындарының бірі - Ломбок аралының маңында болған екен. Кеменің бортында бас-аяғы 35 адамның болғаны белгілі. Алдын-ала болжамға сәйкес, апатқа паром қозғалтқышындағы ақау себеп. Полиция істің мән-жайын анықтау үстінде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер