АҚШ билігі Иракқа гуманитарлық көмекке қосымша 181 миллион доллар бөледі. Қаржы БҰҰ мен өзге де халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың операцияларын қолдауға және босқындарға жәрдем беруге жұмсалмақ. Қаржылай көмек Иордания, Ливан, Сирия мен Түркиядағы 230 мың ирак азаматына көрсетіледі. Сонымен қатар Мосул қаласын азат ету операциясынан зардап шеккен тұрғындарға да ақша бөлінеді. Елдегі ең үлкен екінші шаһарды 2014-шы жылы "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" басып алған болатын. Биыл наурыздан бастап ел әскері мен күрд жасағы халықаралық коалиция қолдауымен МосУлды содырлардан азат ету үшін күресіп келеді. 

 

 

 

Сурет: www.usatoday.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер