Пәкістанның Пенджаб провинциясында екі пойыз соқтығысып, 6 адам қаза тапты. 150-ден астам кісі жарақат алды, деп хабарлайды Рейтер. Оқиға елдің орталық бөлігіндегі Мултан қаласының маңында болды. Карачиден келе жатқан жолаушылар пойызының жүргізушісі бағдаршамдағы қызыл белгіні аңғармай, жүк тасымалдаушы құрамға барып соғылған. Ал жүк пойызы  шойын жолдан жүгіріп өтпек  болған адамды қағып кетіп тоқтап тұрған көрінеді. Апаттан жолаушылар пойызының төрт бірдей вагоны рельстен шығып кетті. Жолаушыларды құтқару жұмысына бірнеше сағат кеткен.  

 

Айта кетейік, Пәкістанда пойыздар жиі апатқа ұшырайды. Бұған көбіне теміржолдардың нашарлығы мен осы салаға бөлінетін қаржының аздығы себеп.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер